KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

Шеберлікті шыңдау сайысы «Үздік маман – 2018»

Қыркүйектің 24-25 күндері Маңғыстау облысы мен Павлодар қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-¬ның өндірістік нысандарында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметкерлері арасында «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-де (Ақтау, Маңғыстау технологиялық транспорт басқармасы)  «Үздік маман – 2018» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Мұндай шаралардың кезегімен әр түрлі компанияларда өтуінің өзі мұнайшылардың өзге кәсіпорындардағы озық әдістерді үйреніп, өзара тәжірибе алмасуына ықпал етеді.
   
 Байқау салтанатты түрде ашылып, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Кеулимжаев Серік Жеткіргенұлы сөз алып, келген қонақтарға сәттілік тіледі. Одан соң « ҚазМұнайГаз»  компаниясы атынан келген арнайы өкіл Қалидуллин Қуандық мырза өзінің лебізін білдірді.
   
  Бұл сайыста «Өзенмұнайгаз», «Ембімұнайгаз», «Қазақтүрікмұнай», «Ойл Сервис Компани», «Азия газ құбыры», «Арғымақ Транс Сервис» , ТОО «УТТиОС», «Ойл Транспорт Корпорейшн» компанияларының технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының жұмысшылары автокран машинисті, агрегат ЦА 320 машинисті, моторисі және ППУ машинисі, автокөлік жүргізушісі мамандықтары бойынша өзара сынға түсті.
 
  ҚМГ кәсіпорындары тобы сарапшыларынан құралған әділқазылар алқасы сайыс шарттарының орындалуын қатаң бақылап, деректерді салыстырып және құжаттарды тексеріп отырды.
Сайыстың екінші күні жеребе тасталып, практикалық тәжірибе бойынша арнайы көлікпен жұмыс басталып кетті. Конкурстық комиссия практикалық тапсырмаларды орындау сапасы мен теориялық дайындығын бағалап, үздік мамандарды анықтады.
   
  Байқау нәтижесінде:
Автокран машинсі:
1-орын  – Кушкенбаев Бақыт Мұқашұлы, «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС;
2-орын – Қарашай Арман Ақбергенұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ;
3-орын – Керімбеков Бауыржан Ермаханұлы, «Азия газ құбыры» ЖШС.
ППУ машинисі:
1-орын – Дәрменбаев Айберген Кенжетайұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ;
2-орын – Өтетілеуов Асан Оразбекұлы, «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС;
3-орын – Есқалиев Жексенғали Мұратұлы, ТОО «УТТиОС» ЖШС.
Агрегат ЦА 320
1-орын – Салықбаев Нұрлан Айладырұлы,
–  Мадемиев Жолдыбай Сатыбалдыұлы , «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС;  
2-орын – Досбергенов Қонарбай  Ерғалиұлы
–  Алібаев  Бауыржан  Атайұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ;
3-орын –Аллабиринов  Бердаулет  Елубайұлы
–Азаров  Макен  Тұрғанбайұлы, «Ойл Сервис Компани» ЖШС.
Автокөлік жүргізушісі:
1-орын – Қорғанбаев  Сүндетбай  Бердіханұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ;
2-орын – Ұзақбаев  Рауан  Қаржаубайұлы, «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС;
3-орын – Сүйеуов Нұрлыбек  Сарсембекұлы, ТОО «УТТиОС».

Сайыс барысында олар өздерінің таңдаған ісіне адалдығы және жоғары шеберліктерімен Ұлттық компанияның басты кәсіби алаңдарында өз мекемелерінің намысын қорғауға лайықты екендерін дәлелдей алды.
«Үздік маман» сайысы бір шаңырақ астына жинаған ұжымды ұйыстырған әрі рухтандырған шара болды. Жалпы, жыл сайын өтетін «Үздік маман» сайысы өз мамандығыңның қыр-сырын тереңдете білуге бағыттайтын жоба.

Вложенные файлы:

Дата публикации: 0



30 мая 2016

Благотворительная акция «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр».

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобында КМГ Жастар кеңесінің бастамасы бойынша өткізілген «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр»  қайырымдылық акциясы  «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері тарапынан жылы қабылданып, қолдау тапты.  

23 мая 2016

Іс-шаралар жоспары

4 мая 2016

Соревнования по «Мини Футболу» который прошёл 15.03. 2016г среди работников ТОО «ОТК» в честь праздника «НАУРЫЗ»