RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

«Үздік маман – 2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің Маңғыстау техникалық көлік басқармасы (бұдан әрі – МТКБ) аумағында автокөлік жүзгізушілері арасында «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Дәстүрлі кәсіби шеберлік конкурсы жұмысшылардың шеберлігін шыңдауға көмектесетіні белгілі. Жұмыстың  қыр-сырын меңгере және тәжірибелерімен бөлісе отырып, жұмысшылар өндірістің тиімділігін арттыруға, біліктілікті жетілдіруге, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға және бар күш жігерін жұмсауға ықпал етеді.

Арнайы көлік тізгінін ұстаған мамандар жайлы қысқаша мәлімет айта кететін болсақ, көлік  жүргізуші маманы күрделі көліктің – заманауи автобустың құрылымын және аспаптарын өте жақсы деңгейде білуі қажет. Сонымен қатар, қауіпсіз көлік жүргізу техникасын, физика, механика, өмір қауіпсіздігінің негіздерін білуі шарт. Арнайы көлікті тізгіндеген мамандарға жүктелген жауапкершілік жүгі зор. Сақтықты сұңқардай үйренген көлік жүргізушілері жолаушылардың өмірін бірінші орынға қояды. Сондықтан арнайы көлік жүргізу екінің бірінің қолынан келе беретін оңай - оспақ іс емес.

ЖШ «Ойл Транспорт Корпорейшэн» Серіктестігінің бас директоры Кеулімжаев Серік Жеткергенұлы осындай кәсіби шеберлік конкурсында қызметкерлер тек жеңіске жетіп қана қоймай,  көлік саласындағы шеберлікті жетілдіруге, шыңдай түсуге, қызығушылықты күшейтуге көмектесетін сайыс болып табылатындығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осындай салтанатты шараның маңыздылығын «ОТК» ЖШС «Қызметкерлердің жершілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы  Темірқасов Марат Бурибайұлы өз сөзінде айтып өтті. Бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатырған байқау қызметкерлердің жұмысқа деген жауапкершілігін арттырып, белсенділігін күшейтеді» - деді. 

«Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі сайысқа мекеме ішінен 8 қызметкер қатысып, сайыстың бағдарламасымен танысты. Бұл жолы сайыс екі кезеңнен құралды. Бірінші кезең теориялық тесттен тұрса, екінші кезең тәжірибелік сайыспен аяқталды. Сайыстың бағдарламасы бойынша қатысушылар медициналық тескерістен өтіп, сайыс ұйымдастырылып отырған аумақтағы тұлғаларға еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, жол қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілгеннен кейін қатысушылар теориялық тесті тапсыру кезеңіне кірісіп кетті. Жеребе тастау әдісімен практикалық тәжірибе өтушілердің кезектері белгілі болды. Комиссия мүшелері ережелердің сақталуын мен талаптардың орындалуын мұқият қадағалап отырды. Бұл кезең қызықты да тартысты өтті. Себебі не бір қиын бөгеттерден өту үшін әрі белгіленген уақытта аяқтау үшін қатысушылар біраз тер төкті.

Конкурстық комиссия мүшелері тәжірибелік тапсырмаларды орындау сапасы мен теориялық дайындығын бағалап, үздік көлік жүргізушісін анықтады. Байқау нәтижесінде: тәжірибелі әріптестерін озып шыққан МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Құлынтаев Ислам бас жүлдеге ие болды. ІІ орынға МТКБ №2 автотізбек Тайлақов Айдын қол жеткізсе, жүлделі ІІІ орынға МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Қабиев Дастан ие болды.

Байқау жеңімпазы Татарстан Республикасы Альметьевск қаласында өтетін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2019» кәсіптік байқауының финалдық кезеңіне қатысады.

Барша қатысушылар үлкен ынта жігер көрсетіп, жауапкершілікті ақтап шықты. Байқау жеңімпаздарын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС әкімшілігі

 

Жарияланған күні: 0



1 наурыз 2017

2016 жылы атқарылған жұмыстар есебі

Бірінші басшының есептік кездесуінде ұжымға жеткізілетін ақпарат:  

Тараптардың атауы

1

Өндірістік-экономикалық көрсеткіштер, инвестициялық  жоспарлар туралы

2

Мекеменің өндірістік қиындықтары туралы 

31 желтоқсан 2016

Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын!

Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! 

23 қараша 2016

2016ж. IV тоқсанында кәсіподақ кездесу хаттамасына сәйкес проблемалық мәселелерді шешу үшін арналған іс-шаралар жоспары

2016ж. IV тоқсанында  кәсіподақ кездесу хаттамасына сәйкес проблемалық мәселелерді шешу үшін арналған іс-шаралар жоспары және 16.11.2016 жылғы жұмыс күшінің басшылықпен жоспардан тыс кездесуі туралы

3 қараша 2016

2016ж. 1 жарты жылдығына арналған іс-шарлардың орындалуы туралы ақпарат

2016ж. 1 жарты жылдығына арналған іс-шарлардың орындалуы туралы ақпарат 

1 қараша 2016

Жас мамандардың ұйымдастыруымен өткізілген «шағын футбол» арасындағы жарыстың жеңімпаздары

Жас мамандардың ұйымдастыруымен өткізілген «шағын футбол» арасындағы жарыстың жеңімпаздары 

8 қазан 2016

ҮЗДІК МАМАН- 2016 «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ  еншілес  және тәуелді ұйымдардың жұмыскерлері арасында жүргізушілердің шеберлігі бойынша «Үздік маман-2016» Қаламқас кен  орнында біздің мекеме  жастар кеңесімен бірлесіп бұл шараны жоғары деңгейде өткізді.  

29 қыркүйек 2016

Жастар cайысы

Жас мамандардың  ұйымдастыруымен  өткізілген «шағын футбол» арасындағы  жарыстың жеңімпаздары: 

18 қыркүйек 2016

Шағын футбол туралы хабарландыру

14.09.2016 ж. сағат  18:30,  17.09.2016 ж.  сағат15:00-де « Ақтау ойын сауда кешенінде» ӘБ, МТКБ, ЖТКБ, ОЖЦ, БТКБ арасында жас мамандардың ұйымдастырумен шағын футболдан жарыс өтетіндігін, сонымен қатар 14.09.,17.09 күні жарыс 1 сағатқа созылуына байланысты    21.09.16ж күні шағын футбол болмайтынын хабарлаймыз. 

2 қыркүйек 2016

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймыз!

Жер қойнауынан қара алтынды игеріп, экономиканың дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз. Әрқашан да жасампаз еңбектің жарқын үлгісін көрсетіп, Тәуелсіз Қазақ елінің туы биік, тұғыры мықты болып, қарыштап дамуы үшін қажырлы үлестеріңізді қоса беріңіздер! Алдағы уақытта мұнайшылар қауымының асқаралы асуларды бағындырып, асқақ биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

26 тамыз 2016

2016 ж 1-жарты жылдығындағы Бірінші басшының кездесулері

3 тамыз 2016

2016 жылдың 1 жарты жылдық есебі

Бірінші басшының есептік кездесуінде ұжымға жеткізілетін ақпараты

18 шілде 2016

«Үздік маман-2016»

2016  жылдың 9 шілдесі күні ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» бойынша кәсіби шеберлікті анықтау мақсатында өткізілген «Үздік  маман » сайысының  жарысы болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша келесі орындар беріліп, «Үздік маман» анықталды: 

30 мамыр 2016

«Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр» қайырымдылық акциясы.

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобында КМГ Жастар кеңесінің бастамасы бойынша өткізілген «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр»  қайырымдылық акциясы  «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері тарапынан жылы қабылданып, қолдау тапты.  

23 мамыр 2016

2015 жылға Бірінші басшының есеп беру құжаттамасы


4 мамыр 2016

Наурыз мейрамына арнап 15.03.2016 Ж өткен ЖШС «ОТК» мекеме ішілік «ШАҒЫН ФУТБОЛДАН» өткен жарыс


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828